Халықаралық әйелдер күніне құттықтаулар

Халықаралық әйелдер күні – көктемнің шуақты мерекелерінің бірі деп айтсақ артық болмас. 8 наурыз күні көктемнің келуімен, әйелдер сұлулығы мен нәзіктігімен ерекшеленеді. Әлемге көктемнің шуағындай – жылылық пен мейірім нұрын төккен, күндей шуақты, айдай ажарлы, гүлдей нәрлі де көркем аяулы арулардың мейрамы – шұғылалы мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

Дәстүрлі түрде «АРБЗ» ЖШС-нің ерлері ұйымдастыруындағы мерекелік кеш барша нәзік жанды Арулардың көңілінен шықты. Концерттік бағдарламада түрлі өлеңдер шырқалды, әзілдер айтылды және зауыт басшылығы өз жылы лебізін жеткізді. Мерекелік іс-шара аруларға мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстаумен аяқталды.

АРБЗ Беларусь, Минск қ. Сауда-экономикалық миссияға қатысты

2020 жылдың 02-03 наурызында «АРБЗ» ЖШС экспортты жылжыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде Қазақстан Сыртқы сауда палатасы ұйымдастарған Беларусь Республикасы, Минск қаласындағы сауда-экономикалық миссиға қатысты.

Сауда-экономикалық миссияны өткізу барысында екіжақты шарттар мен келісімдерге қол қою рәсімі өтті, оның аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған рәсім іс-шараның маңызды оқиғаларының бірі болып табылды және Қазақстан мен Беларусия БАҚ-да жарияланды.

Жоспарланған сөз сөйлеудің арқасында «АРБЗ» ЖШС компаниясының ТЭМ-нің ресми бөлігінде тікелей мақсатты аудитория алдында тиімді таныстырылымын өткізе алды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде Беларусь және Қазақстандық бизнес өкілдері арасында тікелей іскер кездесулер мен келіссөздер өтті. В2В форматындағы кездесулер барысында «АРБЗ» ЖШС өнімдерін жеткізу бойынша бизнестің түрлі салалары өкілдерімен келіссөздер жүргізді, презентациялық жұмыс өткізді.

https://www.cci.by

АРБЗ Өзбекстан, Үргенші қ. Аймақаралық ынтымақтастығының II форумына қатысты

2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасы Үргеніш қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екі елдердің Премьер-министрлерінің қатысуымен Аймақаралық ынтымақтастығының II Форумы өтті. Осы форум аясында Қазақстан Республикасының Біріңғай ұлттық стенді орнатылды, онда бәсекеге қабілетті қазақстандық өндірушілер, соның ішінде «АРБЗ» ЖШС көрме көрушілеріне өз өнімдерін таныстырды. Аталған шараға еліміздің барлық аймақтарынан экспортқа бағытталған кәсіпорындар таңдалғанын атап өту қажет.

Форум аясында Хорезм облысының хокима сөз сөйледі, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі және екі мемлекеттің басқа да жоғары қызметтегі тұлғалары сөз сөйлеулері тыңдалды, олар Өзбекстан мен Қазақстанның іскерлік топтары арасында сұранысқа ие тауарлармен өзара сауданы арттыру үшін қолайлы жағдайларды жасауға ұсыныстар білдірді.

Кейін, Өзбекстан мен Қазақстанның жетекші кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі ашылды, сонымен қатар екі елдің іскер топтарының қатысуымен «В2В» форматында бизнес-кездесу өткізілді. Іс-шараны Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы, Экономика және өнеркәсіп министрлігі мен Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстанның 12 аймағынан 70-тен астам кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, аталған шараға Өзбекстан тарапынан 150-ден астам кәсіпкерлер жиналды.

АРБЗ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараны өткізді

Қазақстан Республикасы 2019 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнінің 28-жылдығын атап өтті. Осы мерекеге орай «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өз кәсіпорын қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шараны ұйымдастырды. Іс-шара зауыт қызметкерлері орындаған халық би мен әндерімен ашылды.

Іс-шарада салтанатты түрде жыл қорытындысы шығарылып, зауыттың барлық қызметкелері мерекемін құттықталды, олардың ішінде үздіктері мақтау қағаздарымен марапатталды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қайырымдылық жобасы аясында стажировкадан өтіп жатқан студенттерге құттықтау сертификаттары табысталды.

Биылғы жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі – Бас директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары Марат Ядыкарович Ибрагимовке III дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төсбелгісін табыстады.

Дәстүрлі түрде «АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті Тәуелсіздік күніне орай зауыт қызметкерлері арасында келесідей спорт түрлері бойынша спартакиада өткізеді: футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу және шахмат. Аталған іс-шарада спартакиаданың жеңімпаздары марапатталды.

«АРБЗ» ЖШС «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында «Парыз-2019» арнайы премиясының лауреаты атанды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы өтті. Ағымдағы жылы  конкурсқа қатысуға 446 өтінім келіп түсті, оның ішінде: 141 кәсіпорын – ірі кәсіпкерлік субъектілері, 305 кәсіпорын – шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері. Конкурс қорытындысы бойынша  Республикалық комиссия 25 жеңімпаздарды анықтады.

Аталған конкурс 2008 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді, премия ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады және конкурс 4 номинациясынан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін».

Айта кету керек, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС аталған іс-шараға дәстүрлі түрде қатысады және осы жылы ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында лауреат атанып, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номициясы бойынша «Парыз-2019» мүсіншесімен марапатталды.

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС «МЕТАЛЛ ЭКСПО-2019» 25-ші халықаралық өнеркәсіптік меретойлық көрмесіне қатысты

2019 жылы 12-15 қараша аралығында Мәскеу қ. «Металл-Экспо 2019» 25-ші Халықаралық өнеркәсіптік меретойлық көрмесі өтті.

Меретойлық көрмеге әлемнің 34 елінен 600 жуық компаниялар қатысты, олардың жиынтық қуаты 300 млн тоннадан астам қара және түсті металдарды құрайды – бұл әлемдік металлургиялық өндірістің 6-шы бөлігі.

«Металл-Экспо» көрмесі беделді халықаралық алаң, бұл жерде технологияларды дамытудың маңызды мәселелері, ең заманауи жабдықтарды көрсету, сондай-ақ жалпы металлургия саласының даму перспективалары талқыланатын 40 астам семинарлар, дөңгелек үстелдер мен кеңестер өтеді.

Көрме қатысушылары – жоғары сапалы металл өнімдерін, технологияларды, құрылыс индустриясы, машина жасау, отын-энергетикалық кешен, металл сауда және көлік-логистикалық компаниялар үшін инновациялық шешімдерді жеткізуге мүдделі отандық және шетелдік өндіріс басшылары мен мамандары.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС дәстүрлі түрде «Металл-Экспо» көрмесіне қатысып келеді, биыл ол қатарынан 6-шы болып есептеледі. «АРБЗ» ЖШС осы іс-шара үшін үнемі бағдарламаны дайындап және жүзеге асырады.

Көптеген кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Талқылау барысында тұрақты байланыстар нығайтылды, сонымен қатар сату нарығын кеңейтуге және жаңа экспорттық деңгейге шығуға мүмкіндік беретін одан әрі ынтымақтастық үшін перспективаларды нығайтуға қабілетті жаңа іскерлік байланыстар орнатылды. «АРБЗ» ЖШС өнімі осы іс-шараға қатысушылардың тарапынан үлкен қызығушылығын тудырды.

«АРБЗ» ЖШС көрме стенді қатысушылар арасында танымал болды. Компания «Метал Экспо-2019» ұйымдастырушыларының атынан «Үздік экспозициясы үшін» кубогымен марапатталды.

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» жшс 135-ші меретойлық «Рельстік комиссияға» қатысты

Бүгінгі таңда Рельстік комиссиясы металлургия саласында маңызды және беделді іс-шара болып табылады, себебі жүк тасымалдарының басым бөлігі теміржол көлігімен жүзеге асырылады.

2019 жылы 135-ші меретойлық Рельстік комиссия Новокузнецк қаласында өтті.

Бірінші кезекте, «Рельстік комиссия» – бұл алдыңғы қатарлы технологияларды талқылау, жаңа өнімді енгізу және қателіктерге байланысты конструктивтік жұмыстар үшін алаң, ал ірі металлургиялық компаниялар үшін – бұл тұтынушылармен өндіріс пен өнімнің сапасын талқылауға, және олармен тікелей «байланысты» тексеру мүмкіндігі.

Үш күн бойы ТМД елдерінің ғалымдары мен металлургтері рельстік өнімдерін өндіру және пайдалану саласындағы озық технологиялар тәжірибесімен бөліседі. Рельстік комиссия шеңберінде мынадай мәселелр көтерілді: өндіріс технологиясы, өндіру және пайдалану, теміржол рельстерінің беріктігі мен сенімділігі, түрлі өндірушілердің сериялық өндірісі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері рельстік өнімді өндіру мен пайдалануда туындайтын мәселелерді шешу бойынша іс-шараларды жедел белгілеуге мүмкіндік береді.

Рельстік комиссияның әр отырысында жалпы мәселелер көтеріледі және нақты шешімдер мен ұсыныстар қабылданады, олардың орындалуы мұқият бақыланады.

Рельстік комиссия жұмысының нәтижесінде рельстердің сапасын арттырудың негізгі бағыттарын дұрыс таңдау жасалды. Соңғы жылдары рельстік болат қорытудың жетілдірілген технологияларына көшу жүзеге асырылды.

Айта кету керек, рельс өнімдерін өндіру саласындағы маңызды оқиғалардың бірі «АРБЗ» ЖШС Еуропалық стандартты 60Е1 және 60Е2 рельс өндіру сертификатын алу болып табылады, бұл сату жағрафиясын кеңейтуге және Еуропалық нарыққа, сондай-ақ Балтық жағалауы мен Таяу Шығыс елдеріне шығуға мүмкіндік берді.

Зауыт өнімі сынаудың барлық түрінен өтті және ол қауіпсіздік, сапа, техникалық регламенттер мен халықаралық стандарттар нормаларының талаптарына толық сәйкес келеді.

ТОО «АКТЮБИНСКИЙ РЕЛЬСОБАЛОЧНЫЙ ЗАВОД» принял участие в юбилейной 135-ой «Рельсовой комиссии»

60Е1 рельс өндірісіне сертификаттау жүргізілді

Ағымдағы жылдың қазан айында Еуропалық үлгідегі 60Е1 теміржол рельстер өндірісін сертификаттау процедурасы сәтті өтті, соның нәтижесінде  EN 13674-1:2017 стандартына сәйкес сертификат алынды. Осы рельс типі Еуропа одақ, Балтық жағалауы елдерінде, сонымен қатар Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде қолданылады.

Р65 шығарылатын рельстік өнімге қарағанда, 60Е1 рельсі ерекше техникалық сипаттамаға ие: рельс биіктігі, мойынның биіктігі және қалыңдығы, бастиегінің ені, табан қауырсынның биіктігі.

Рельстің жаңа түрін илеу және өндірістік қуаттарды сәтті іске қосудың арқасында, АРБЗ 60Е1 типті рельстің, осы рельс типіне қатысты барлық бағыттарда алға жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

АРБЗ түлектерді «ҚДБ» АҚ қайырымдылық жобасы аясында стажировкаға қабылдады

2019 жылғы 23 қазанында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-нан Стажировка» қайырымдылық жобасы аясында «Taiburyl» қорының атынан «Білім беруді қолдау» бағдарламасы бойынша «АРБЗ» ЖШС жас түлектерді қолдау мақсатында Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университетінің 2019ж. 12 түлегін «Материаллтану және жаңа материалдар технологиясы», «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Технологиялық машиналар және жабдықтар» техникалық мамандықтар бойынша ақылы стажировкаға қабылдады.

Taiburyl Қоры қаржылық қолдауды қажет ететін студенттерге, зерттеушілерге, дарынды оқушыларға қолдау көрсетеді, сондымен қатар жас түлектер мен студенттердің дамуы, оларға Қазақстан Республикасының үздік өндірістік компанияларында кәсіптік бағдар беру арқылы алғашқы еңбек дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

«АРБЗ» ЖШС-де Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің көптеген өңірлерінен білікті мамандар жұмыс істейтіндіктен, АРБЗ Қазақстандағы жоғары сапалы дифференциалды термоберіктелген рельсті және орташа пішінді илекті өндіру бойынша ең ірі кәсіпорын мамандарынан білім алуға және тәжірибе үйренуге бірегей мүмкіндік береді. Стажировкадан сәтті өткен жас мамандар біздің Кәсіпорынға жұмысқа орналасады. Айта кету керек, стажировкадан өтуге жас мамандар Қазақстанның әр аймағынан келген.

АРБЗ Туркіменстандағы Каспий экономикалық форумына қатысты

2019 жылдың 11-12 тамызында Түркіменстан «Аваза» Ұлттық туристік аймағында Каспий маңы елдерінің көпжақты экономикалық диалогының жаңа тұрақты платформасы болып табылатын алғашқы Каспий экономикалық форумы өтті. Осы форум аясында Каспий маңы елдерінің инновациялық технологиялар Халықаралық көрмесі өтті.

«АРБЗ» ЖШС Қазақстан ұлттық стенд алаңында өзінің жеке стендімен ұсынылды.  Келушілердің кәсіпорын қызметімен хабардар болуын арттыру және Түркіменстан аумағындағы алдағы ірі жобалар туралы талқылау бойынша жұмыстар жүргізілді