«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Қазақстан Республикасында алғаш рет МемСТ 18662-83 және МемСТ 535-2005 стандарттарына сәйкес келетін СВП 27 (арнайы өзара ауыспалы профиль) профилін игеріп, шығарды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС кәсіпорны тау-кен қазбаларын бекітуге арналған ыстықтай тапталған СВП 27 профилінің өндірісін игерді. Өнімдер халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді және МемСТ 18662-83 және МемСТ 535-2005 сәйкес шығарылады. Қазіргі уақытта Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің осы түрін өндіруге мүмкіндігі бар жалғыз кәсіпорын болып табылады.

1 млн. тонна рельстік өнім шығарылды

2023 жылдың қазан айында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС жоғары, тарихи белеске жетті – зауыт іске қосылғаннан бастап 1 млн. тонна рельстік өнім шығарылды, бұл шамамен 8 000 км темір жолды құрайды. Осы айтулы оқиғамен «АРБЗ» ЖШС ұжымын шын жүректен құттықтаймыз.

2023 жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Астана қаласында алғаш рет «ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі ұйымдастырды. ИННОПРОМ.ҚАЗАҚСТАН іскерлік бағдарламасының негізгі іс-шарасы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары қатысқан «Жаңа заманның өнеркәсіптік стратегиялары» басты пленарлық сессиясы болды. Сондай-ақ, INNOPROM.QAZAQSTAN барысында өнеркәсіпті цифрландыру, машина жасау саласында кооперация, ірі қалаларға арналған технологиялар, энергетикаға арналған технологиялар және халықаралық ынтымақтастық…

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС аумағында «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» МКҚК білім алушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

2022 жылы «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы», «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» МКҚК арасында Кәсіпорынды білікті мамандармен қамтамасыз етуде және оның кадрлық әлеуетін арттыруда, сондай-ақ оқу орындарының кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруда тікелей және өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында үшжақты меморандум жасалды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС аумағында…

«АРБЗ» ЖШС Кәсіподағы – оқушының ең жақын досы

Жыл сайын Қазақстанда оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Осы республикалық акция аясында «АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті №47 орта мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 10 оқушыға көмек көрсетті: осы балаларға мектеп рюкзактары мен оқу құралдары сатып алынды. Әр сөмкеде білім алып және оқуда озат болуы үшін қажет нәрсенің…

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспозициясы құрамында ИННОПРОМ 13-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Көрменің басты тақырыбы – «Тұрақты өндіріс: жаңарту стратегиясы». Көрменің негізгі бөлімдері: цифрлық өндіріс, көліктік машина жасау, металл өңдеу, энергетикаға арналған технологиялар, компоненттер өндірісі, жаңа материалдар, автоматтандыру және робототехника, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медициналық жабдықтар мен фармацевтика, қалаларға арналған технологиялар.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өзінің 10 жылдығын кәсіби мереке «Металлург күні» қарсаңында «Zhety Kazyna» демалыс базасында атап өтті

            Салтанатты жиынның шымылдығы «АРБЗ» ЖШС Бас директоры Евгений Александрович Нестеренко пен Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ақниет Нағиұлы Алданазаровтың жүрекжарды құттықтау сөздерімен ашылды. Олар Кәсіпорынның барлық қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, зауытымыздың алғашқы күндерінен бастап оның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін бір топ қызметкерлерге алғыс хаттар мен атаулы мүсіншелер табыс етті. Еңбегі еленген қызметкерлердің арасында біздің…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС – «Рельс-арқалық өнімі» санатындағы «Үздік жабдықтаушы» номинациясы бойынша марапатталды.

Астана қаласында жыл сайынғы ERG Supplier Award премиясы өтті. 25 қазақстандық және шетелдік өнеркәсіптік жабдықтарды өндірушілер, сонымен қатар қызмет көрсетушілер Халықаралық өнеркәсіптік топтың марапаттарына ие болды.«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС – «Рельс-арқалық өнімі» санатындағы «Үздік жабдықтаушы» номинациясы бойынша марапатталды.

Ақтөбеде Кәсіподақтар күні қарсаңында салтанатты шара өтті

2019 жылдың 10-шы қазанында тұңғыш рет елімізде Кәсіподақтар күні ресми түрде аталып өтті. Осыған байланысты 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні қарсаңында Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға аймақ басшысы Ералы Тоғжанов қатысып, кәсіподақ қозғалысының дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген азаматтарды марапаттады. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов кәсіподақ өкілдерін кәсіби…